ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

1 тамызға дейін барлық педагогтер вакцина алады

ЖОО-да жас түлектерге арналған гранттар саны 10 пайызға артпақ

ria.ru

Білім беру мекемелерінің 89,1 педагогі вакцина қабылдап үлгерді. 1 тамызға дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізілімек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Ералы Тоғжанов өз баяндамасында биыл 200 жаңа мектеп қолданысқа берілетінін, 13 апаттық мектеп пен 28 үш ауысымды орта білім беру мекемелерінің мәселесі шешілетінін мәлімдеді.

Ал ЖОО жас түлектерге арналған гранттар саны 10 пайызға артпақ. Сондай-ақ, 2 жоғарғы оқу орны Назарбаев Университетінің тәжірибесімен білім беретін болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты елдегі білім беру ошақтары биыл қашықтан жұмыс істегендіктен оқушылардың білім сапасына алаңдаушылық танытты.

«Биыл оқу жылы негізінен онлайн форматта өтті. Мұның білім беру саласына кері әсері болғаны рас. Осы бағытта ахуалды түзету үшін қандай шаралар қолға алынды?», - деді Тоқаев.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет өз кезегінде бұл бағытта бірқатар шаралар қабылдағынан мәлімдеді.

«Бірнеше нақты шаралар белгіленді. Біріншіден 25 мамырдан бастап 29 маусымға дейін республика бойынша 1 млн-нан астам оқушыны қамтыған қашықтан білім алушылар үшін жазғы  мектеп ұйымдастырылды. Екіншіден, жазғы уақытта ұстаздар үшін біліктілікті арттыру бойынша пәндік курстар ұйымдастырылды. Үшіншіден, Білім министрлігі негізгі пәндер бойынша білімді қайта қалпына келтіру үшін арнайы оқу бағдарламалар әзірленіп отыр. Төртіншіден, қашықтан оқу кезінде  оқудан артта қалған оқушылар үшін арнайы жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылатын болады», - деді Ералы Тоғжанов.