Енді Кеңеске 48 қоғам қайраткері мүше болады
Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді. Енді Кеңеске 48 қоғам қайраткері мүше болады (бұрын 44 болатын). Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұлттық кеңестің құрамына Маңғыстау облысынан қоғам қайраткері Уайс Ерсайынұлы, белгілі саясаттанушы Бурихан Нурмухамедов, кәсіпкер, «Аltyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді. Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Ауыт Мұқибек шығарылды. Ауыт ағамызға бірлесе атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіреміз, - деп жазды Ерлан Қарин.
Қазір Ұлттық кеңестің алтыншы отырысына дайындық аясында ҰҚСК мүшелерінің өңірлердегі көшпелі жиындары ұйымдастырылуда.
Көшпелі отырыстың бағдарламасына сәйкес ҰҚСК мүшелері қоғамдық кеңестердің өкілдерімен, қоғам белсенділерімен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездеседі.
Соның қорытындысы бойынша Ұлттық кеңестің келесі отырысында қаралатын ұсыныстар әзірленетін болады.