Асқар Мамин: Азық-түліктің әлемдік бағасы шамамен 34% өсті

Үкімет басшысы мұнайдың да 44 пайызға қымбаттап, 1 баррелі 73 долларға дейін жеткенін атап өтті

Асқар Мамин: Азық-түліктің әлемдік бағасы шамамен 34% өсті
ropkct.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин маусым айында азық-түліктің әлемдік бағасы шамамен 34 пайызға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биылғы бірінші жартыжылдықта Үкімет экономиканы қалпына келтіру және оны орнықты өсу серпініне шығару, халық пен бизнеске қажетті қолдау көрсету жұмыстарын жалғастырды. Қазіргі жаңа болмыста экономиканы ынталандырудың барлық құралдарын кешенді түрде пайдалану экономикалық белсенділікті қолдауға мүмкіндік берді. Халықаралық ұйымдар биыл әлемдік экономиканың қалпына келу қарқыны жоғары болады деп жоспарлап отыр. Осы тұрғыда тауар нарықтарындағы бағалар өсуде», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы сондай-ақ жыл басынан бері мұнай 44 пайызға қымбаттап, 1 баррелі 73 долларға дейін жеткенін атап өтті. Металл бағасы да өскен.

«Жаһандық және өңірлік өндіріс пен сауда байланыстың бұзылуына климаттық жағдайлардың өзгеруіне байланысты соңғы 10 жылда азық-түліктің әлемдік бағасы неғұрлым жоғары қарқынмен өсуде. Маусым айының қортындысы бойынша азық-түліктің әлемдік бағасы шамамен 34 пайызға өсті. Әлемдік инфляцияның өсуі, қаржы нарықтарында тұрақсыздық, сондай-ақ вирустың жаңа мутацияларының пайда болуы жағдайында жаһандық экономикада белгісіздік факторлары жоғары деңгейде қалып отыр», - деді А. Мамин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.