«Протон-М» зымыранын ұшыру мерзімін 21 шілдеге белгіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін зымыранды ұшыру уақыты бір апта кейінге шегерілген.

фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш стансасына «Наука» жаңа зертханалық модулін ұшыру мерзімін белгіледі деп хабарлайды

Байқоңыр ғарыш айлағының № 200 ұшыру алаңынан бортында «Наука» модулі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру уақыты 2021 жылғы 21 шілдеде, жергілікті уақыт бойынша сағат 17:58-ге (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:58:21) белгіленген.

Ұшырудың сондай-ақ резерв уақыты да аталды. Ол – 22 және 23 шілде. Бастапқыда ұшыру 15 шілдеге белгіленген, алайда кейін «Наука» модулі монтаждау-сынау корпусына қайтарылып, ұшыру бір аптаға кейінге шегерілді.

Ресейлік БАҚ дерегінше, мамандар құрастыру кезінде жұлдыз сенсорлары экран-вакуумды жылу оқшаулағышпен жабылмаған.