Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады. Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Еске сала кетейік, автобусқа масқасыз кіруге болмайды. Маска режимін сақтау міндетті. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасы көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.