Көкшетау қаласы маңындағы дала өртін сөндіруге 100-ден аса маман жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер жоқ

фото ашық дереккөзден

Көкшетау қаласы маңында құрғақ шөп өртенді деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін Подхоз кенті аумағында «Көкшетау – Щучье» тас жолының тұсында дала өртенді.

«Өрт 20 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 96 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, М.Ғабдуллин Азаматық қорғау академиясының 28 қызметкері және 1 техникасы, «Бұқпа» орман шарушылығы мекемесінің 25 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, елді-мекендерге де қауп төніп тұрған жоқ. Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.