Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты
WBC рейтингінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орыннан үшінші орынға көтеріліп, үздіктер қатарына енді деп хабарлайды Sport.kz
Ал тізімдегі алғашқы орында Мексика боксшысы Хайме Мунгия, екінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр.
WBC-дің орташа категориядағы әлем чемпионы – АҚШ спортшысы Джермалл Чарло.
Еске салсақ, биылғы жылдың 27 маусымында Лас-Вегаста Жәнібек Әлімханұлы WBA-ның орташа дивизионда бұрынғы әлем чемпионы Ром Брантты техникалық нокаутпен жеңді.
Осы рейтингте тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 14-орында тұр.