$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2021, 12:43
Жаңалықтар

Алматы облысында екі адамнан «Дельта» штамы анықталды

Қауіпті індетті Талғар және Қаратал аудандарының тұрғындары жұқтырған

Алматы облысында екі адамнан «Дельта» штамы анықталды

Алматы облысында үнділік «Дельта» штамы екі адамнан анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Жетісу өңірі эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта» орналасқан. Десе де, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында аурудың өсу қарқыны жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

«Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелері арасында – 23,1%-ы ауруды жұқтырып алған, базарларда - 11,5%, сауда нысандарында  – 15,2%, қоғамдық көлік - 11,5% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалықтар және басқалар) – 11,5 % сырттан келген жағдайлар тіркелмеген», - дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

Облыстың Талғар және Қаратал аудандарында «Дельта» штамын жұқтырудың 2 жағдайы анықталған. Сыдымановтың айтуынша, індет жұқтырғандар екпе алмаған тұрғындар.  Спикер вакцина алудың тиімділігі жоғары екенін атап өтті.

Аймаққа жалпы саны 408 475 доза вакцина келіп түскен. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 332 975 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак және 28 000 CoronaVac. 2 компонент - 253 350, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, Гам-Ковид-вак 177 850, Qaz-вак 8000 және 28 000 CoronaVac.

Облыс бойынша бірінші компонентпен барлығы – 346 922 адам, ал екіншісімен – 208 094 адам егілді.

«ДДҰ деректері бойынша, Қазақстанда қолданылатын вакциналар коронавирустық инфекцияның үнді, британдық, оңтүстік Африка және бразилиялық штамдарына қатысты тиімді екенін атап өткен жөн»,- дейді спикер.

«Аshyq» жобасын енгізу басталғалы бері мониторингтік топтармен бағдарламаны пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыратын 589 объект қамтылды.

QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» статусы бар 110 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» статус 41 келушіде, «сары» статус 69 келушіде болған.

Айта кетейік, үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Серіктес жаңалықтары