$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2021, 14:35
Жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі ауылдарды сумен қамту қарқынын тежеген әкімдерді жауапқа тартты

Облыстық әкімдікте ауыл халқын таза ауызсумен қамту мәселелері қарастырылды

Павлодар облысының әкімі ауылдарды сумен қамту қарқынын тежеген әкімдерді жауапқа тартты

Павлодар облысының әкімі ауылдарды сумен қамту қарқынын тежеген әкімдерді жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев атап өткендей, барлық 350 ауылдың 172-сі немесе 49 проценті орталықтандырылған сумен қамту желілерімен қамсыздандырылған. 

Айталық, таза су ішетін ауылдықтардың ең үлкен саны Ақсу ауылдық аймағында – 99,8%, ал ең аз көрсеткіш Павлодар ауданында – 71,2%.

Облыстың 72 ауылы кешенді блок-модульдерден су алса, 107 ауыл жергілікті су қоймаларына тәуелді. Шөптікөл мен Майкөбеге су жеткізіліп тұрады.

«Ауыл халқын 100% сумен қамту үшін 25,3 мың халқы бар 63 ауылда су құбырларын, үш мың халқы бар 33 ауылда КБМ салу қажет. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 млрд теңгеге 35 нысанның құрылысы жүргізіледі. Оның 33 бойынша құрылыс жүріп жатыр, екі жоба конкурсқа шығарылды, - дейді Қадылжан Сәтиев.

Нәтижесінде 2021 таза ауызсуға қолы жеткен ауыл халқының саны 210 мыңға немесе 94,8 процентке жетеді. 2022 жылы бұл жұмыс жалғасып, 38 жоба жүзеге асырылмақ.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов былтыр ауылдарды сумен қамту жұмыстарының жоспарлы қарқыны орындалмағанын айтып, осыған жол берген Баянауыл ауданының әкімін жауапқа тартты. Анық болғандай, 2020 жылы аяқталмаған төрт жобаның құрылысы әлі тұралап тұр. 

«Данекер» ЖШС жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтайтыны туралы кепілдік хат берді. Өз тарапымыздан фирманы сотқа бердік. Құрылыс күзге дейін аяқталады деп сенеміз», - деді Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов.

Облыс әкімі құрылысты 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Одан бөлек, Әбілқайыр Сқақов «Нұра топтық су құбыры» ұйымының орнына Май топтық су құбырына қызмет көрсету мәселесін Павлодар облысының компаниясына тапсыру керектігіне ерекше көңіл бөлу керектігін атады.

Серіктес жаңалықтары