Бүгін Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Мемлекет басшысының өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, жаңадан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Жаңадан құрылған агенттіктің төрағасын бүгін Мемлекет басшысы қабылдап, кездесу барысында Президент Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңа агенттік Алматы қаласында орналасады.