$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2021, 17:00
Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған 14 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Инфекция жұқтырған 34 бала да ем қабылдап жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 14 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Sputnik

Алматыда коронавирус жұқтырған 634 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«25 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 217 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 186, симптомсыз – 31 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 66, келіп түскені – 75. Инфекциялық стационарларда 634 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 47 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 18 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1117 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 940 науқас. 177 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Серіктес жаңалықтары