ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Токио Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық жеңіл атлет француз азаматына тұрмысқа шықты

Марко Тури - жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері

Жанна Мамажанова, фото: olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет, мамырда Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған Жанна Мамажанова француз спортшысы Марко Туриге тұрмысқа шықты. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Марко Тури жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ триатлонға да қатысады.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Жанна Мамажанова 23 мамырда Австриядағы жарыс марафонына қатысып, жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд. Екінші орында чехиялық Терезе Хрочова, үшінші сатыда швециялық Ханна Линдхольм. Қазақстандық жеңіл атлет осы жеңісі арқылы Токио Олимпиадасына жолдама алды.

Еске салайық, пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылды. 2021 жылдың басында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах биыл Олимпиада ойындары жоспарланған уақытта өтетінін мәлімдеді.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпидасына (жазғы) қатысуына мемлекет тарапынан 15 млрд теңге бөлінеді.