Нұр-Сұлтанда вакцина алғысы келетіндер қатары бірнеше есе өсті

Мамандардың айтуынша, бұған «Дельта» штамының пайда болуы әсер еткен 

Нұр-Сұлтанда вакцина алғысы келетіндер қатары бірнеше есе өсті
Фото: ашық дереккөзден

Елордада коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетіндердің қатары күн санап артып келеді. Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі еседен астам (тәулігіне) артты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Мамандардың айтуынша, «Дельта» штамы пайда болғаннан кейін жұрттың көпшілігі денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарай бастаған.

«Вакцинаның алғашқы дозасын 24 маусымдағы жағдай бойынша 190,5 мыңнан астам азамат алды. Тұрғындар өз денсаулығына және өзгелердің денсаулығына жауапты екенін түсініп келеді. Біз мұны «Дельта» штамының (үнді штаммы деген атаумен белгілі) қауіптілігін түсіне бастағандығымен байланыстырамыз», — деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қала тұрғындарын ынталандыру үшін СОО-лар мен сауда үйлерінде компьютерлік және тұрмыстық техника, жеңілдік купондары мен сертификаттар түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады. Бұл акцияға жақында "Мечта" электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылады.

Мысалы, "Mega Silk Way" СОО вакцинаның бірінші дозасын алғандар арасында автомобильдің ұтыс ойыны өтетінін жариялады. Осыған байланысты вакцинациялағысы келетіндердің айтарлықтай өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 450-ге жуық адам вакцина алды. Осыған дейін вакцинацияланғандардың саны екі жарым есе аз болатын.

«Біз вакцинация пунктерінде екпе алғысы келетіндердің саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, «Еуразия» сауда үйінде бұрын күніне 50-60 адам егілсе, кеше шамамен 100 адам қабылдадық. Сондай-ақ емханаларымызда да вакцинацияның өсуі байқалады: кеше кешке 50-ден астам адам егілді, ал өткен тәулікте вакцинацияланғандардың саны 100-ге дейін өсті. Қала тұрғындары жаңа штаммды жұқтырмас үшін қауіптене бастағанын айтады, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастағаны бізді қатты қуантады», — дейді қалалық №6 емхананың директоры Динара Байсеркина.

Еске сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгінов вакцинацияланатындар арасында (жеке қаражат есебінен) екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізілетінін жариялаған болатын. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Бұл акцияға медициналық мекемелер, сондай-ақ СОО/СҮ сияқты қаланың вакцинация пункттерінде екпе алғандар қатыса алады. Конкурсты әділ өткізу және вакцинацияланғандарды толық қамту үшін (көрсетілген кезеңде) қаланың IT-қоғамдастығы жұмылдырылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.