$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 17:36
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы футбол лигасының жетістіктері жайлы сөйлесті

Тоқаев «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады

Мемлекет басшысы футбол лигасының жетістіктері жайлы сөйлесті
фото: sportinfo.kz

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы іске асырылып жатқан жобалары таныстырылып, холдингтің пандемияға қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндалды.

Атап айтқанда Берік Қаниев Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар мен жасөспірімдер футболына жан-жақты қолдау көрсету, жаттығу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту және бапкерлер құрамының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған «Jas Qyran» футбол лигасының жетістіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы инновациялық жекеменшік мектептер желісі – «Quantum STEM Schools» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Аталған оқу орны Сингапур мен АҚШ елдерінің озық тәжірибесі негізінде білім беруді көздейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатымен құрылған «AirVision.kz» қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.

Кездесу соңында Президент «Jas Qyran» футбол академиясы бұқаралық балалар спортын, соның ішінде, футболды дамытуда үлгі-өнеге көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы маңызды бастаманың сәтті іске асуына тілектестік білдіріп, «Lancaster Group Kazakhstan» компаниясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесіне оң баға берді.