Биыл елімізде 755 ауыл әкімі сайланады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары айтты 

Фото: ашық дереккөзден

Биыл елімізде жыл соңына дейін 755 ауыл әкімі сайланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Қазақстанда 2 мың 346 ауыл әкімі бар. Оларды жаңа норма енгізілген соң өкілеттік мерзімдері аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайлайды.

Осылайша, тікелей сайлау арқылы азаматтардың мемлекеттік басқаруға атсалысу функциясы кезең-кезеңімен кеңейе түспек.