Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Қазақстандағы қолжетімді вакциналар үнді штамынан қорғай ма?

Алматылық тұрғындардың бірінен коронавирустың «Дельта» штамы анықталды

көрнекі фото: astana.gov.kz

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қолжетімді төрт түрлі вакцина бар: QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac, «Спутник V». Бүгін брифинг барысында Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстандағы қолжетімді вакциналардың коронавирустың үнді штамынан қалай қорғайтынына жауап берді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, QazVac және «Спутник V» вакциналары барлық белгілі штамнан, соның ішінде үнді штамынан да қорғайды», - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Алматылық тұрғындардың бірінен коронавирустың «Дельта» штамы анықталды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан тұрғындарының бірнешеуінен жаңа штамм анықталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында «дельта» штамына тән белгілерді атап өтті.

«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «үнді» штаммы ауруханаға жатқызу және өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. Сонымен қатар, буындар мен іштің қатты ауыруы, ішек көріністері, есту қабілетінің жоғалуы сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болды», - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтіп, Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» штамына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ВАК ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин режимін күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты.