Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері адал болуы керек - Тоқаев
Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жазба қалдырды.
«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін», - деп жазды Президент.
1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. Бұл - Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт.
2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 23 маусым - Полиция күні деп бекітілді.