Жеңілмеген қазақстандық боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

22 жастағы жерлесіміз 10 шілдеде өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді

 

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Рай Сейітжановтың (6-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн анықталды, деп жазады Prosports.kz.

22 жастағы жерлесіміз 10 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. 

МТК Қазақстан менеджерлік компаниясы Сейітжановтың 34 жастағы ресейлік Максим Чурбановпен (8-8-1) жұдырықтасатынын мәлімдеді. ⠀

Қолда бар ақпаратқа сенсек, аталған кеште Арман Рысбек, Дәурен Елеусінов, Бағдат Уайдаев қатарлы тағы бірнеше қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.