$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2021, 11:22
Жаңалықтар

Дәурен Абаев СҚО-да қызметінен босатылған екі аудан әкіміне қатысты пікір білдірді

Жақында Президент тапсырмасы бойынша тексерістен кейін екі аудан әкімі қызметінен босатылды

Дәурен Абаев СҚО-да қызметінен босатылған екі аудан әкіміне қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында СҚО-дағы Айыртау және Есіл аудандары әкімдерінің қызметінен босатылуына байланысты пікір білдірді.

Еске салайық, 24 мамырда Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды. Одан бөлек, облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дәурен Абаев аудан әкімдерін қызметінен босату – Мемлекет басшысының бұл келеңсіздікке назар аударуының бір бөлігі екенін айтып, халықты көшіру тікелей адамдардың тағдырына байланысты екенін жеткізді.  

«Бұл жұмыс науқаншылдыққа салынбай, сан қуалап кетпей іске асуы керек. Қоныс аударушыларға жағдай жасау қажет. Бұл – аксиома. Бірақ қоныс аударушылар да жаңа ортаға бейімделіп, интеграцияға түсу керектігін түсінгені абзал. Тек әкімдікке шағымдана бермей, өз тағдыры үшін жауапкершілікті өз қолдарына алуы керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары