Токиода Олимпиада стадионы ресми түрде ашылды

Олимпиада стадионында 2020 жылдың 1 қаңтарында JFA футболдан Жапония императорының 99-шы кубогы өтеді

Токиода Олимпиада стадионы ресми түрде ашылды

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының басталуына сегіз ай қалғанда Олимпиада стадионының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ, Токио губернаторы Юрико Койке және сәулетші Кенго Кума мен БАҚ өкілдері қатысып, Олимпиада ойындардың белгісі болатын нысанды көріп шықты.

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ашылу және жабылуы өтетін, футбол матчтарын өткізетін орын көрермендерге ұмтылмас әсер қалдыратыны анық.

«Біз бүкіл әлемнің спортшыларын 2020 жылдың 24 шілдесінде өтетін Олимпиада және 2020 жылдың 25 тамызында болатын Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында дүниежүзі көз тігетін Токио 2020 ойындарын осы стадионда көретінімізге қуаныштымыз», - деді Токио 2020 Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.

Бұл орынның жобасын құрастырған танымал сәулетші Кенго Кума негізгі басымдықты экологиялық мәнге берген. Осыны ескере отырып, стадион айналасындағы табиғатқа, оның ішінде Мэйджи Цзинь ғибадатханасының жанындағы үлкен жасыл аймаққа сәйкес келуі керек екеніне мән берген. Сондықтан Кума ғимарат «жанды ағаш» деп өзі атаған ағаштар мен талдардан тұруы керек деп шешкен.

Стадион аумағында 47 мыңнан астам орташа және аласа ағаш отырғызылды.

Олимпиада стадионында 2020 жылдың 1 қаңтарында JFA футболдан Жапония императорының 99-шы кубогы өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.