Синоптиктердің болжамына сәйкес, 23 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрады. Кей аймақтарда түнгі уақыттарда үсік жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с дейін жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Ақмола облыстаранда түнде желдің күші 30 м/с жетуі ықтимал. Кей жерлерде найзағай күтіледі, Қостанай облысында тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да жел күшейеді. Кей жерлерде желдің күші 23-28 м/с дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында найзағай, ал Ақтөбе облысында шаңды дауыл күтіледі.
Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, найзағай ойнауы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.
Алматы облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде және Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.