Балқаш қаласының экс-әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ол жүруге жарамсыз көлікті әкімдікке қарасты мекеменің балансына өткізген

Балқаш қаласының экс-әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
kazakh.ru

Балқаш қаласының бұрынғы әкімі мен әкімдік аппаратының басшысы және қаладағы өзге де шенді қызметкерлер қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында анықталғаны, әкім мен әкімдіктің өзге де қызметкерлері  өз лауазымдарын пайдалана отырып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Атап айтқанда, әкімдік аппаратының басшысы қызметтік автокөлікті тізгіндеп, жол көлік оқиғасына себепкер болған. Ол бұған дейін де жол ережесін өрескел бұзып, сотпен көлік жүргізу куәлігінен 3 жылға айрылған екен. Қала әкімі осы жайтты жасырып қалмақ болған.

Сонымен қатар, әкім мен әкімдік қызметкерлері ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, апатқа ұшырап, жарамсыз болған көлікті әкімдікке қарасты «СуЖылуТранс» мекемесінің балансына өткізген.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.