$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2021, 04:38
Жаңалықтар

12 маусымға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл соғады

12 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР солтүстік және орталық аудандары антициклонның ықпалында болатындықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Ал еліміздің басқа аумақтарында атмосфералық фронталды құрылымдардың өтуімен ауа райы тұрақсыз сипатта болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғып, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл соғады, желдің күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл соғып, жел екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнағанда жел жылдамдығы15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, Маңғыстау облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

«Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары