ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

16 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

16 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты батыс өңірлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және шығыста қар түседі.

Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, екпінді жел болуы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман болады.