Лондонда әлемнің ең сұлу аруы анықталды
Ол халықаралық сұлулық байқауларында жеңіске жеткен төртінші ямайкалық ару
Биылғы титулды Ямайканың 23 жастағы Тони-Энн Синг есімді бойжеткені жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Ол халықаралық сұлулық байқауларында жеңіске жеткен төртінші ямайкалық ару. «Әлем аруы» Американың Флорида штатында оқиды екен. Ән айтқанды ұнатады. Бірнеше музыкалық аспапта емін-еркін ойнап, балетпен де айналысады. Ал екінші орынға француздық Офели Мезино, үшінші орынға Үндістаннан келген хас сұлу ие болды. Дауыс беруге барлығы 100 миллион адам қатысты, ал тікелей эфирді 140 елден 900 миллион көрермен тамашалады. Келер жылы Таиландта халықаралық байқаудың 70 жылдық мерейтойы өтпек.
«Мен әлі сене алмай тұрмын. Ямайка жеңіске жетті деген мәлімдемені естіп, есеңгіреп қалдым. Шынында да, өте қуаныштымын. Алдымен, мені қолдаған әрбір жанға алғыс айтамын. Содан кейін жеңісті тойлап, тәттілер жеуге болады деген сөз», - дейді «Әлем аруы – 2019» сұлулық байқауының жеңімпазы Тони-Энн Сингх.