10.06.2021, 08:55
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда балаларға арналған ерекше алаң ашылады
Алаңда ойындарға арналған түрлі сценарийлер болады
Есіл өзенінің бойындағы саябақта балаларға арналған ерекше алаң ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ойын алаңы «Қалалық романс» тұрғын үй кешені жанында орналасады. Оның бірегейлігі – ойындарға арналған түрлі сценарийлер болады.
Сондай-ақ, алаңда құмсалғыш, сырғанақ, бақылау орны және өзге де түрлі ойын элементтері орнатылады. Балалар алаңының жалпы ауданы екі мың шаршы метрден асады. Қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, балалар ойын аймағы биыл жазда ашылады. Ол түрлі жастағы балалардың бәріне арналған.
Ал бос уақытын таза ауада өткізгісі келетіндер үшін алаңның айналасында әткеншектер мен орындықтар қою жоспарланып отыр.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды