«Эйр Астана» мен «Scat» әуекомпанияларына қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар билет бағасын заңсыз көтерді деген күдікке ілінді

Фото: kapital.kz

«Эйр Астана» және «Scat» әуекомпанияларына қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеу басталды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS қаржы агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша басталды, - делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы тергеуге негіз болған.

Тергеу нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігіне баға берілетін болады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.