$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2021, 22:59
Жаңалықтар

Түркістан облысында балбал тас табылды

Жергілікті тарихшылар көне жәдігерді ежелгі түркі дәуіріне тиесілі деп отыр

Түркістан облысы Шардара ауданында балбал тас табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тарихшылар көне жәдігерді ежелгі түркі дәуіріне тиесілі деп отыр. Абай – Шардара тасжолының бойындағы «Шекертөбе» егістік алқабынан табылған тас атақты қолбасшыға арнап жасалған сияқты. Өйткені бетінде әскери бас киім анық бейнеленген.

Көне жәдігерді тапқан Нүркен Төребеков оны орнына қайта қойып, арнайы қоршау жасатқан. Мұндай жәдігердің Шардара өңірінде табылуы алғаш рет.

«Осы жерде қой айдап бара жатқан кезде жерде жатыр екен, байқап қалдым. Кітаптардан, теледидардан көргенбіз. Не екен деп түртіп, аударып тастадым. Қарасам, көздері, сұлбасы көрінді», - дейді Шардара ауданының тұрғыны Нүркен Төребеков.

«Шардара ауданы аумағында орналасқан өте көне тарихи нысан. Тарихи орын. Түркілердің, ғұн жауынгерінің мүсіні, соның құрметіне арнайы дайындалған мүсін деп ойлаймын», - деді аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Смайлов.

Серіктес жаңалықтары