ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 2,5 мың адамнан вирус анықталды

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартуды ұсынды

Сот мемлекеттік айыптаушының ұсынысын қарайды

Прокурор соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін созуды сұрады.

«Елжан Амантайұлы Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 9 айға дейін, яғни 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзарту туралы өтініш қаралуда», - деді прокурор Төлеген Жараспаев сот отырысы барысында.

Одан бөлек, мемлекеттік айыптаушы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау жағдайын күшейтіп, жақын туыстарынан басқа адамдармен сөйлесуіне тыйым салуды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен байланысуды есепке алмағанда, оның үйден шығыуына тыйым салуды сұрады.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары бұл іс бойынша тергеу мерзімін 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұзартқаны айтылды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Бұған дейін Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары сот арқылы 2021 жылдың 14 мамырына дейін ұзартылғаны хабарланған еді.