ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

«Семей Орманы» лауазымды тұлғалары жемқорлық күдігіне ілінді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты - Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан 6,6 есе артық

фото: oskemen.info

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Тергеу жалғасуда, шығын мөлшері анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады», - делінген агенттік хабарламасында.

Анықтама: «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан 6,6 есе артық.

Қарағай орманы тек аймақ тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызына ие. Сонымен қатар, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты орманды сақтау және қорғау мәселесі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Орман кодексіне сәйкес орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарды заңсыз байыту үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын нормативтік және ұйымдастырушылық жоспардың ұсынымдары әзірленеді.