140 балл: павлодарлық оқушы ҰБТ-дан максималды ұпай жинады

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр

140 балл: павлодарлық оқушы ҰБТ-дан максималды ұпай жинады

Павлодарлық түлек Данияр Уәлиев ҰБТ-дан максималды 140 балл алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Бұл туралы «Білім-инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті Нұрбол Төлебаев өзінің Facebook- парақшасында жазды.

ҰБТ-дан алғашқы болып 140 балл алған Данияр Уәлиев Павлодар қаласындағы ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы. Алтын белгіге үміткер, жүзуден Қазақстан чемпионы.

«Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 балл алды. Әзірге ресми ҰБТ-дан биылдыққа алғашқы 140.

Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Уалиев Данияр Арманұлы Павлодар БИЛ түлегі. Алтын белгіге үміткер. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше дүркін ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur-Sultan open халықаралық жарысының чемпионы», – деп жазады ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.