ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 930 адам COVID-19 вирусын жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында шенеуніктер енді таксимен жүреді

Әкімдік қызметтік көліктерді сатып алуға кететін шығындарды азайтуды қолға алды

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтік автокөліктерді қалада такси сервисін құратын компанияға беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы компанияларының бірімен «Ақжайық» ӘКК-мен бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келісім жасастық. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қолданыстағы автокөліктерін бірлескен кәсіпорынға өткізеді, ал жеке инвестор паритеттік негізде жаңа көліктер сатып алады және жайлы класты такси қызметімен қамтамасыз етеді. Мемлекет болашақта автокөлік сатып алудан бас тартудан үнем жасайды және меніңше, жалдау ақысы көліктің қазіргі пайдалану шығындарынан арзан болады. Осылайша, Қазақстан президентінің қызметтік көліктерді сатып алуға кететін шығындарын азайту туралы бұйрығы орындалатын болады», - деп жазды Ғали Есқалиев Facebook-парақшасында. 

Айта кетсек кетсек, наурыз айында БҚО әкімі қазіргі заманғы такси қызметі туралы идеяны қарастыруды ұсынған. Сол кезде ол ыңғайлы комфорт санатты таксилер пайда болса, көптеген жеке компаниялар қызметтік көліктен бас тартуы мүмкін екенін атап өткен болатын.