Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы Тwitter-парақшасыгда Қазақстанның табиғатты қорғауға баса мән беретінін атап өтті.
«Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.