Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 қазақстандық көз жұмды

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 565 адам ауыр жағдайда жатыр

 

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 қазақстандық көз жұмды
Фото: ТАСС

Денсаулық сақтау министрлігі 5 маусымдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам қайтыс болды.

5 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 689 адам коронавирус инфекциясынан (– 23 867 КВИ+ және 822 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 684 пациент стационарда, 16 005 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 565 адамның жағдайы ауыр,
• 114 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 3 маусымдағы мәлімет бойынша 114 жаңа жағдай тіркелді, 19 адам жазылып шыққан, 1 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 55694; 

өлім жағдайы – 928;

барлығы 51488 адам сауығып шықты.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.