КВИ таралуы бойынша «қызыл» аймақта екі өңір қалды
Өткен тәулікте елімізде 1189 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 5 маусымда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта екі өңір ғана қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы тұр;
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1189 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 392 884 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 21 адам көз жұмды.