Ержан Байтілес бірнеше басылымда қызмет атқарған
ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды.
Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер.
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат.