03.06.2021, 10:04
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасының экс-футболшысы 29 жасында қайтыс болды
Спортшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды
Станислав Лунин, фото: fckairat.com
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) 29 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында жарияланды.
Станислав Лунин карьерасын өскемендік «Восток» клубында бастаған. Кейін ол қарағандылық «Шахтерде», алматылық «Қайратта» және павлодарлық «Ертіс» сапында ойнаған.
Футболшы Қазақстан чемпионы болған, ел кубогы мен Суперкубогын иеленген. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатының күміс және қола медальдарын жеңіп алған.
Станислав Лунин футболдағы карьерасын қарағандылық «Шахтер» сапында аяқтаған еді. Ашық дереккөздерде ұлттық құраманың экс-ойыншысының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды