Шарын шатқалындағы қайғылы жағдай бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан екі адам мерт болды

скриншот: видео

Екі адамның өмірін қиған Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша - Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер;

Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша - Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет.

Еске салайық, 29 мамырда Шарын шатқалында жүріп өткен сел салдарынан экскурсияға барған бір оқушы мен мұғалім көз жұмды. Сондай-ақ сел ағызып әкеткен 11 жастағы оқушы 3-4 шақырым жерден табылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марқұм Мерей Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.