01.06.2021, 23:16
Жаңалықтар
Қазақстанда дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың біраз бөлігі талан-таражға түскен
Аталған жайтқа байланысты 5 қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден
Елімізде дағдарыспен күресуге деп бөлінген жүздеген миллиард теңгенің бір бөлігі талан-таражға түскен деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған жайт аудиторлық тексерудің нәтижесінде белгілі болған.
Мемлекеттік ішкі аудит комитетінің мамандары 700 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын тексерген. Тиісінше, ақшаның бір бөлігі мақсатсыз жұмсалғаны анықталған.
«Аудиторлық тексерулерден кейін процесуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жалпы құны 10,5 млрд теңгені құрайтын 28 іс берілді. Олардың 5 млрд теңгесі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалған материалдар тергеу және тексеру кезеңінде», - делінген аталған ақпаратта.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды