Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 638 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 29 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 11 адам қайтыс болды.
29 мамырдағы мәлімет бойынша, 29 171 адам коронавирус инфекциясынан (28 595 КВИ+ және 576 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 891 пациент стационарда ем алып жатса, 18 279 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 638 адамның жағдайы ауыр,
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүнсек, 27 мамырдағы мәлімет бойынша 96 жаңа жағдай тіркелді, 90 адам жазылып шыққан, 7 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 55120;
өлім жағдайы – 902;
барлығы 51186 адам сауығып шықты.