Суға батып бара жатқан қызды құтқарған елордалық тұрғын марапаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Оған «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі табысталды

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин суға батып бара жатқан 20 жастағы қызды құтқарып қалған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асылбек Нұржановты марапаттады. Оған «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі табысталды.

«Адам өмірін құтқарудағы ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін сізге алғыс білдіремін, - деді Юрий Ильин.

Оқиға 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақбұлақ өзенінде болған. Күндіз көпірлердің бірінен бойжеткеннің суға секіргенін көрген куәгерлер көмек сұрап айқайлаған. Сол сәтте елдордалық ЖОО-лардың бірінде қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істейтін Асылбек Нұржанов суға секіріп, қызды құтқарған.

«Ол кезде қыз ес-түссіз жатқан болатын. Оқиғаның өзге куәгерлері маған жағаға шығуға көмектесті. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті», - дейді тұрғын.

Төтенше жағдайлар министрі Асылбек Нұржановқа алғыс айтып, отбасына денсаулық пен бақыт тіледі.