Вирустың таралу қарқыны аздап бәсеңдеген
Қазақстанда өткен тәулікте 1747 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.
Инфекцияны көп жұқтырған өңірлер көшін Қарағанды облысы мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бастап тұр. Ең азы Қызылорда облысында.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 381 907 адамға жетіп отыр. Оның ішінде емделіп шыққаны 348 428 адам.