QazVac вакцинасына он шақты мемлекеттен қызығушылық бар - Алексей Цой

Автор: Azattyq Rýhy
Алексей Цой, фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын экспорттау бойынша ұсыныстар барын айтты.

«Көптеген мұсылман мемлекеті бізге жүгінеді. Жақында БАӘ-дегі әріптесіммен сөйлестім, олар қызығушылық танытып отыр. Бізге Қатардан жүгінді. Барлығы 10-ға жуық ел QazVac-ты жеткізу мәселесі бойынша жүгінді.

Авторлық құқықты тіркейміз, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біздің институт болашақта тек QazVac вакцинасын емес, басқа да отандық вакциналарды экспорттау үшін халықаралық патент алып жатыр», - деді министр журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

QazVac – инактивацияланған вакцина, яғни коронавирустың жойылған вирусы қолданылған. Препаратты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірледі.

Еске салайық, 

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина клиникалық сынаққа дайын екенін айтты.