Қазіргі уақытта жаңа жол белгілері енгізілетін көшелер пысықталып жатыр
Нұр-Сұлтанда пилоттық жоба аясында қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл таңбамен белгіленетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Автобус жолағының бас жағын жасыл түспен белгілеу бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы шешім қабылданды. Пилоттық жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұрт назарын аудару мақсатында іске қосылды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта жаңа жол белгілері енгізілетін көшелер пысықталуда.