$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 13:03
Жаңалықтар

Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі – Жандарбек Бекшин

 Дегенмен, мегаполисте мамыр айының соңғы аптасында КВИ жұқтырудың төмендегені байқалды

Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі – Жандарбек Бекшин
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайын-брифинг барысында қалалықтарды шектеу шараларын сақтауға шақырды.  

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаланың әлі де «қызыл» аймақта екенін, мутацияланған штамдардың 84 %-ға дейін тіркелгенін еске салды. 

«Мамыр айының соңғы аптасында жұқтырудың төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 300-ге дейін азайған», - деп хабарлады Ж. Бекшин. 

Алматының Бас санитарлық дәрігері тәуліктің өсімнің 3 есеге дейін азайғанын, ауру көрсеткішінің соңғы 7 күнде 7,7%-ға төмендегенін атап өтті.  

«Мамырдың ортасында симптомды сырқаттар қатары азайды, олардың 10%-ға дейін төмендегені байқалды. Алайда, КВИ-дің симптомсыз формасын жұқтырушылардың тіркелуі 12%-ға дейін өсті», - деп жалғастырды Ж. Бекшин. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20%-дық иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-ы вакциналанған және 5%-ы соңғы жарты жылда ауырып-жазылғандар.  

Сондықтан Ж. Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.

Серіктес жаңалықтары