$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 12:42
Жаңалықтар

Карантин: жеті мыңға жуық жеке тұлғаға айыппұл салынды

9 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан жауапқа тартылды

Карантин: жеті мыңға жуық жеке тұлғаға айыппұл салынды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Жыл басынан бері Қазақстанда карантин талаптарын бұзғаны үшін 9 мыңға жуық кәсіпкерлік нысанға және 7 мыңға жуық жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарланды.

Биыл 1 қаңтар мен 24 мамыр аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын топтар 89 829 рейд жүргізіліп, іс-шара аясында 559 001 нысан қамтылды. Тексеру нәтижесінде шектеу талаптарын бұзған 15 679 нысан анықталды.

Карантин тәртібін жиі бұзатын кәсіпкерлердің бестігіне Шығыс Қазақстан (3871 нысан), Түркістан (2442 нысан), Алматы (1003 нысан) облыстары мен Алматы (2163 нысан) және Шымкент (1700 нысан) қалаларының бизнес субъектілері еніп отыр.

Мониторинг нәтижесі бойынша 2 546 ұйғарым берілді, сотқа 292 материал жолданып, 75 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды. 8 946 нысанға және 6 696 жеке тұлғаға жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары