Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында Германияны жеңді

Автор: Azattyq Rýhy

Ригада хоккейден әлем чемпионаты жалғасып жатыр

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында Германияны жеңді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ригада хоккейден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан кезекті жарыс күнінде Германиямен кездесті. Кездесу 3:2 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді.

Ел құрама сапынан Александр Шин, РоманСтарченко және Павел Акользин көзге түсті. 

Төрт кездесуден кейін Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, жарыс кестесінде B тобында төртінші орынға жайғасты.