ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Әлемде 3 миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады

 
Фото: thepage.ua

Дүниежүзінде 3 миллионнан астам адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Әлемді шарпыған аурудың жаңа түрі бүкіл адамзат үшін оңайға соқпады. Пандемия басталғалы инфекцияға қарсы вакцинаны әзірлеу басты мәселеге айналды.

2020 жылдың 11 тамызында «Спутник V» вакцинасы алғашқы коронавирусқа қарсы екпе ретінде тіркелді.

Өткен жылы Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде тұрғындарды ерікті түрде вакцинациялау басталып кетті.

«Түркістан облысында қазіргі таңда 190 мыңнан аса азамат вакцина қабылдады», - делінген хабарламада.