$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 00:23
Жаңалықтар

Көлеңкелі экономикамен күресте цифрландыру көмектеседі – Сағынтаев

Өткен жылы электронды сауда арқылы 26,4 млрд теңге салық түскен

 
Көлеңкелі экономикамен күресте цифрландыру көмектеседі – Сағынтаев
Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирінде сауда саласын одан әрі дамыту, қала базарлары мен электронды коммерцияның жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сауда – қала экономикасындағы жетекші сала, оның үлесі шамамен 33%-ды құрайды. Алматыда 14,4 мың кәсіпкер бизнесін жүргізетін 52 базар бар. Дәстүрлі сауда өркениетті форматқа көшірілуде. 23 базарды модернизациялауға 20 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Соның есебінен жұмыс орындарының саны 2,4 мыңға көбейді», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Базарларды онлайн-кассалармен толық қамту үшін салық жинау үлесін 25%-ға дейін арттыру бойынша шаралар жоспары әзірленді. 2021 жылдың қаңтарында тауарларды сату, жұмыс жасау және қызмет көрсету бойынша айналым 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 328 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың соңында тауар сату айналымы 4032 млрд тг құрады.

«Көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары аясында онлайн-сауданы дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалада шамамен 970 интернет-дүкен бар, бұл елдегі интернет-дүкендердің 60%-ын құрайды. Оларға барлық онлайн-сауда мен қызметтердің 71%-дан астамы тиесілі. Өткен жылы электронды сауда арқылы 26,4 млрд теңге салық түсті немесе 2019 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп», - деді қала басшысы.

Серіктес жаңалықтары