ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

«Сергек»: Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағымен жүрген автокөліктерге айыппұл жазылады

Бұған дейін аталған жолақпен жүруге уақытша рұқсат берілген еді

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ осы жылдың 26 мамырынан бастап «Сергек» АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойындағы айналма жол айырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік жолағымен жүргендерді тіркейтін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған бағытта тиісті жол белгілері орнатылды. Сол сияқты арнайы автобус жолағының бар екені туралы ақпарат беретін жол белгілері салынды. Бұл талаптарды сақтау — міндет.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарының барынша мұқият болуын және жол қозғалысын реттейтін талаптарды сақтай отырып көлік жүргізуін сұраймыз», — делінген тиісті басқарманың хабарламасында.